Qsamruk жобасы халықаралық байқауда үздік деп танылды
Кадр іріктеу мен жұмысқа қабылдауда ашық болу керек. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Адам ресурстарын дамытуда тәжірибе алмасу» атты халықаралық конференцияда айтылды.
Автор: Мерей Қалиасқар
21.06.2024
HR саласындағы бірегей шараға Қытай, Сингапур мен Бельгиядан сарапшылар қатысып, өз білімдерімен бөлісті. Ал Қазақстан тарапынан еліміздегі ең ірі жұмыс беруші — «Самұрық-Қазына» қоры тәжірибелерін ортаға салды. Бүгінде қорға тиесілі компанияларда бос орындарға іріктеу арнайы онлайн-платформада жүргізіледі. Саладағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған Qsamruk жобасы халықаралық байқауда үздік деп танылды. «Екі қолға бір күрек» іздегендерге бұл таптырмас құрал. Қазір қорғ әсіресеғ гендер теңдігі мен жастарды қолдауға және әлеуметтік осал топқа жататын жандарға көп көңіл бөлуде. Кадр саясатын одан әрі нығайту үшін бүгін бірқатар меморандумға қол қойылды.
Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры:
— Конференция аясында біз екі меморандумға қол қойдық. Біріншісі Мемлекет басқару академиясымен бірлесіп, үлкен алдымызда жобалар бар. «ПРООН» бірлесе меморандумға қол қойдық. Бір бағытымыз — гендер теңдігі мен жастарды даярлау және жастармен жұмыс істеуде үлкен жобалар бар. 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмысқа алдық және де осы жобаны әлі де біз жалғастыра береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!