{metadescription}
БҚО: Полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр
БҚО: Полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

БҚО: Полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

Жұмыс орнында өз-өзін атқан. Батыс Қазақстан облысында басына оқ тиген полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға тура БҚО полиция департаментінің бақылау-өткізу бекетінде болған. Оқ оң жақ самай сүйегіне тисе де, тәртіп сақшысы аман қалыпты. Оның байқаусызда немесе қасақана атқанын қазір әріптестері анықтап жатыр. Одан өзге ақпарат әзірге құпия.

Басынан ауыр жарақат алған ер адамның 21 жаста. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Науқастың жағдайы тым ауыр.

Азамат Жақсыгереев, БҚО облысы көпсалалы ауруханасының нейрохирургі:

Науқас өте ауыр жағдайда түсті. Бірден ота жасау бөліміне жіберілді. Декомпрессия трепанация жасалып, жарақаты тығындалды. Қазір науқас өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде