{metadescription}
Отарда комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды
Отарда комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды

Отарда комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды

Жамбыл облысы Отар кентінде әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды. Бұл туралы Нұржігіт Әбділпаттаның әкесі хабарлады.

Тимур Жаналиннің айтуынша, ұлы есін жиғанымен, әлі саңырау күйде. Оған жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Дәрігерлер дәрінің күші кету үшін 6-8 сағат күту қажет деп отыр. Сарбаздың әкесі ұлының есін жиып, жақындарын танығанынын қуанышпен жеткізді. Ол сарбазды ажалдан арашалап қалуға барын салған дәрігерлерге алғыс айтуда. 

Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаз 9 маусым күні есінен танып құлаған. Гвардейский әскери госпиталіне жедел жәрдем көлігімен жеткізілген сарбазға «полисегментальды пневмония» диагнозы қойылды. Сондай-ақ оң жақ бөлігінде плеврит пен жұқпалы токсикалы шок алғаны анықталған. Осы уақытқа дейін клиника өлімін басынан кешірген сарбаз енді ғана есін жинады. Әйтсе де комадан шыққан науқастың жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр.

Тимур Жаналин, сарбаздың әкесі:

Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне алғысымызды білдіргіміз келеді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қиын жағдайға бейжай қарамаған жандарға мың алғыс!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде