Италияда тарихи ғимаратты шимайлаған отандасымыз бар ақысын өзі төлейді
Атын жазамын деп, басы бәлеге қалды. Италияда тарихи ғимараттың қабырғасын шимайлап бүлдірген отандасымыз енді қалпына келтіру ақысын өз қалтасынан төлеуге тиіс.
Автор: Ақтоты Жұмабек
24.06.2024
Қазақстан азаматы әйгілі Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына Әли атын ойып жазған. Енді сәулет ескерткішіне залал келтірі үшін 15 мың еуро айыппұлмен қатар, реставрация ақысын да төлейді. Бірден полцияның қолына түскен отандасымыз қазір абақтыдан босатылған.
Демалыс күндері Еуропаның ақпарат құралдарында аты шыққан жалғыз Әли емес. Грекиядағы өртенген орманға да қатысты да қазақстандықтардың аты аталды. Ол іс бойынша 13 адам ұсталған. Бірақ ішінде Қазақстан азаматтары жоқ дейді еліміздің сыртқы істер министрлігі.
Өткен демалыста Грекиядағы аралдардың бірінде думанды отырыстан кейінгі отшашудың кесірінен орман өртеніп, жергілікті БАҚ мұны Қазақстан азаматтары жасағанын жарыса жазған. Аталған жайтқа байланысты сырты істер министрлігі түсініктеме беріп, консулының Грекия билігіне хабарласқанын мәлімдеді.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
— Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін, осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талап қойылмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!