{metadescription}
Биыл шегірткеден биыл толық құтыламыз
Биыл шегірткеден биыл толық құтыламыз

Биыл шегірткеден биыл толық құтыламыз

Шегірткемен күрес биыл өзгеше болмақ. Себебі, жылда шашылатын дәріге әбден бойы үйренген зиянкестерді жоюға еуропалық жаңа қоспа сатып алыныпты. Былтыр Үкімет шырылдауық жәндікті жоюға қазынадан 4 млрд теңге бөлсе, биыл да дәл осындай қосымша сома қарастырылған. Егіс алқаптары жазда титтей де зиян көрмейді деп сендірді. 

Жаз бойы жер еміп, қара жерден нәпақасын тауып жүрген шаруаларға шын жаны ашитын министр керек. Осылай деген депутаттар мәселенің ұшы шықса болды, бір біріне сілтейтін атқамінерлерден мезі болған. Тәуелсіздік алған 33 жылда бұл орынтаққа 20 министр жайғасыпты. Арасында саладан мүлдем хабарсыз болғаы да бар.

Жигули Дайрабаев, Мәжіліс депутаты:

Осы 33 жылда 20-ға жуық ауыл шаруашылығы министрі ауысты. Бізге ауыл шаруашылығына тұрақтылық керек. Ауыл шаруашылық саласында тікелей ауыл шаруашылықтарының мамандары зоотехник, инженерлер аз, солар басшылық жасау керек. Бізге теория мен кітапқа қарап ауыл шаруашылығынан тапсырма беретін дилетанттар керек жоқ.

Мың сұрақтың астында қалған министр Айдарбек Сапаров жуырда бие сүтін Қытайға экспорттауымыз мүмкін екенін айтып сүйіншіледі. Қарағанды мен Ұлытаудағы жұтқа қарамастан, биыл Қамбат ата түлігі 4 млн-ға артыпты. Дегенмен мәжілісмен Аманжол Әлтай төрт түліктің қадіріне әлі жетпей отырмыз дейді. 

Аманжол Әлтай, Мәжіліс депутаты:

Өкінішке қарай, біз бүгінде төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен, ал биенің сүті бағаланбай отыр. Себебі біле білсек, тек биенің сүтін тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының ұлттық брендіне айналдыруға мүмкіншілігіміз бар. Молодежный кентін қоспағанда, бірде-бір бие сүтін өңдейтін зауыт жоқ.

Жаз келсе егіс алқаптарын отап кететін шегірткелермен күрес биыл өзгеше жүріп жатыр дейді салаға жауапты министрлік. Жылда себілетін дәріге әбден бой үйретіп алған зиянкестерді жою үшін құрамы бөлек еуропалық қоспа сатып алыныпты. Үйір-үйірімен, үйдің ішіне дейін кіруге жетеқабыл шырылдауық шегірткемен күреске Үкімет қосымша 4 млрд теңгедей ақша бөлген. Дегенмен жоспар жүзеге аспаса, вице-премьер Серік Жұманғарин «халал» деп сипаттаған зиянкестерді шетелге экспорттау мәселесі әлі көтерілмеген.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Препарат алғаннан кейін, оның барлығы тексерістен өткен. Өңделгеннен кейін пайдасын 90 пайыз көріп отырмыз. Барлығы өлтіріліп жтыр. Барлығы уақтылы жасалып жатыр. Шегіртке сату деген мәселе туындап тұрған жоқ.

Министрдің айтуынша, жыл сайын бет қаратпайтын шегірткеден биыл толық құтыламыз. Күн жылынғалы зиянкестерден егін алқаптарына бір тиын шығын келген жоқ, келмейді де. Ал көршілес Ресейден бері өткендерге су жаңа дәрі себіліп жатыр екен. Нәтижесі жаман емес дейді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде