{metadescription}
Оңтүстік Кореяда зауыт өртеніп, 20 адам мерт болды
Оңтүстік Кореяда зауыт өртеніп, 20 адам мерт болды

Оңтүстік Кореяда зауыт өртеніп, 20 адам мерт болды

Оңтүстік Кореяда литий батареяларын шығаратын зауыт өртеніп, 20 адам ажал құшты. Төтенше жағдай кезінде жоғарғы қабатта қалып қойған жұмысшылар әлі табылмай жатыр. Қаза болғандардың дені — еңбек эмигранттары.

Сеулдың жанындағы Хвасон қаласындағы ARICELL өндіріс орны азанғы 10 жарымға таман өртене бастаған. Сол сәтте ғимаратта 35 мыңнан астам дайын литий батареясы болыпты. Бұл металл тез тұтанады әрі жанғыш келеді. Жалын тілі тиген аккумуляторлар бірінен кейін бірі жарылып, арты алапат өртке ұласқан. Өрт құрсауында қалған ғимаратта 67 адам жұмыс істеп жатыпты. Көбісі сыртқа шығып үлгерген. Арасында биіктіктен секіріп жарақат алғандар да бар. Бірақ екінші қабаттағылар нысаннан шыға алмай тірідей жанып кетіпті. Апат кезінде соңғы мәлімет бойынша 20 адам қаза болған. Күл болған нысаннан тағы бес жұмысшының денесі іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.