Семейде аммиак селитрасы мен ұнтақ сақталған қойма өртенді
Семейде аммиак селитрасы және химиялық ұнтақ сақталған қойма отқа оранды. Өрт сөндірушілердің екеуін күйік шалған. Қазір қызмет бабында жүріп жараланғандар емделіп жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
24.06.2024
Түнде тұтанған өрт төңірегіне ілезде тараған. Ағаштан салынған қойма қас-қағым сәтте түгі қалмай күлге айналды. Өрт сөндіруге 16 өрт сөндіру көлігі мен 78 адам жұмылдырылды. Сонда да ырық бермеген қызыл жалын мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерді. Ал қоймадағы аммиак селитрасы және химиялық ұнтақ ауаға тарады деген болжам бар. Бірақ сараптама жүргізген мамандар атмосферада зиянды зат анықталмады, дейді. Енді төтеншеліктер өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!