{metadescription}
Ақмола облысында демалыс күндері үш адам суға кетті 
Ақмола облысында демалыс күндері үш адам суға кетті 

Ақмола облысында демалыс күндері үш адам суға кетті 

Ақмола облысында өткен демалыс күндері үш адам суға кетті. Оның бірі — 11 жастағы жеткіншек. Баланың денесі ауыл маңындағы өзен сағасынан табылды. Ал қалған екеуінің мәйітін құтқарушылар әлі іздеп жатыр. 

11 жасар бала Нұресіл ауылы маңында тасқыннан кейін су толған Есіл өзенінің сағасына шомылам деп батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін жағадан 15 метр жерден тапты.

Ал Аршалы, Есіл ауданында суға кеткен екі ер адамды құтқарушылар кешеден бері іздеп жатыр. Оның бірі 25 жастағы жігіт. Ол үрлемелі матраспен жағадан 150-200 метрге дейін кетіп қалып, ағын су оны аударып жіберген. 47 жастағы екінші азамат та алысқа жүземін деп батып кетіпті. Сондықтан құтқарушылар тыйым салынған жерде шомылуға болмайтынын тағы да ескертті.

Асхат Ақылжанов, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Суға батып кеткен екі адамды іздестіріп жатырмыз. Адамдар суға түсуге болмайды деген ескертуді ескермейді. Облыста арнайы жасақталған 82 орын бар. Оның үстіне балалардың қауіпсіздігіне назар аудару керек. Ересектер ішімдік ішіп суға түсіп, өз өміріне қауіп төндіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде