{metadescription}
Орал тұрғындары саяжайына жете алмай отыр
Орал тұрғындары саяжайына жете алмай отыр

Орал тұрғындары саяжайына жете алмай отыр

Орал тұрғындары саяжайына жете алмай отыр. Жайық өзенінің арғы бетінде болғандықтан, ол жаққа тек су көлігімен ғана қатынайды. Биылғы су тасқынынан жеміс- жидексіз қалған жұрт, тым болмаса, көкөніс өсірсек деген. Алайда теплоходты күтумен шаршады. Ал әкімдік бірнеше рет байқау өткізіп, су көлігімен қызмет көрсететін компанияны әлі күнге дейін анықтай алмай отыр.

Учужный затон аумағындағы саяжай иелері негізінен зейнеткерлер. Олар көп жылдан бері өз учаскелерінде қияр мен қызанақ өсіріп, күзде мол өнім жинап алатын. «Биыл бәрінен қағылдық» - дейді саяжайы барлар. Көктемде тасқынмен алысып, енді жазға дейін әкімдердің су көлігін ұйымдастыра алмауынан, Жайықтан өте алмай отырғанына қапалы. Автобус қатынайтын жол жоқ, теплоход биыл іске қосылған жоқ- дейді.

Людмила Зибарева:

 Міне, тұр, бірақ міне алмаймыз. Бізді мазақ етіп отыр. Жол жоқ. «Жол керек» деп, әкімдікке де бардық, бірақ олар «жол салып бере алмаймыз» деді. Қолда бар теплоходты пайдалана алмай отырмыз.

Бұл теплоходпен тұрғындарды көп жылдан бері жергілікті «Урал флот сервис»компаниясы тасымалдап келген. Олар жыл сайын аталған қызметті көрсету үшін байқауға қатысады. Бірақ биыл екі рет қатысып, байқау сәтсіз деп танылған. Ал кәсіпорын жұмысшылары жалақысыз отыр. Оның үстіне бұл жұмысқа бірде-бір компания қызықпаған.

Валерий Кашеваров, теплоход капитаны:

 — Бізден басқа тасымалдаушы жоқ. Неге басымызды қатырып отырғанын білмейміз. Егер бәсекелес компания болса түсінер едік. Осы жағдай есеп беру үшін жасала ма? Адамдарға түсіністікпен қарау керек емес пе?

Зейнеткерлерге кейде жастар көмекке келеді. Қайығы барлар оларды өзеннен өткізіп, саяжайға жеткізіп береді. Ал қайықпен қатынау қауіпті.

Зәуреш Сариева, «Пенсионер-1» бау-бақша қоғамының төрайымы:

Маусым айы аяқталуға жақын. Саяжайға сонда қашан барамыз. Тасқыннан кейін онда бәрі шіріп жатыр. Бізді кейде қайығы барлар апарады. Бәрі бірдей қайыққа отыра алмайды. Қауіпті әрі қарт адамдарға мініп түскен де оңай емес.

Жолаушы тасымалдау бөліміндегілер байқау өтпейінше, басқа әрекет ете алмаймыз деп отыр. «Заң солай» дейді. Биыл тасқыннан кейін тендер онсыз да кеш өткен. Оның өзі талапқа сай болмай, тағы шегеріліпті.

Нұрбол Сабыржанов, Орал ТКШ бөлім меңгерушісі:

 — Келесі су көлігіне арналған конкурс 2024 жылы 11 маусымда өткізілді, оның негізінде конкурсты қайта өткізген кезде бұл бағытқа бір қатысушының өтініші ұсынылды. Қатысушының құжаттары жеткіліксіз болуына байланысты,яғни конкурс талаптарына сәйкес болмауына орай, комиссия мүшелерімен конкурс жеңімпазы анықталмады.

Жолаушылар тоқтайтын орын да әзір емес. Тасқында ол жердегі бөгеттерді тығыздау жұмысы жүргізілген. Сондықтан саяжай тұрғындарына қауіп төндірмеу үшін, жағаға жетер жолды да тегістеу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде