{metadescription}
«Барымды салдым». Ресейлік дәрігер Варвара Балқашты жүзіп өтті
«Барымды салдым». Ресейлік дәрігер Варвара Балқашты жүзіп өтті

«Барымды салдым». Ресейлік дәрігер Варвара Балқашты жүзіп өтті

Ресейлік дәрігер қыз Балқаш көлін жүзіп өтті. 28 жастағы Варвара Ивлеева 41 шақырымды тоқтаусыз 16 сағатта еңсерген. 

Таң атысымен суға түскен Варвара алғашында бір сағат сайын қоректеніп тұрған. Кейін аяқ қолы суықтан құрыса бастапты. Содан бапкері әр 20 минут сайын тамақтандырып тұрған. Оның өзінде ереже бойынша қайыққа сүйенуге болмайды. Суда тұрып, аузына салған ас-ауқатты жейді. Балқаш көлінің Алматы жағынан бастап бір сарынмен жүзіп отырып, әбден қас қарайғанда Қарағанды облысының Приозерск қаласына жетіпті.

Варвара Бақашты жүзіп өтуді бұрыннан армандаған екен. Бір екі рет байқап көргенімен, шамасы жетпеген. «Осы жолы бар күшімді салдым» - дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде