{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында санитария сақтамағандарға ескерту жасалды
«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында санитария сақтамағандарға ескерту жасалды

«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында санитария сақтамағандарға ескерту жасалды

Ұлытау облысының түрғындары жаппай «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Мақсат — тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға шақыру. Ал санитарияны сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысан иелеріне ескерту жасалды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлт экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Оған «Жасыл ел» еңбек жасақтары, жергілікті билік, қоғам ұйымдары, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар атсалысты. Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында тазалық акциясы бұлақтар мен өзен жағасында өтті. «Күмісбұлақ», «Тасбұлақ» қайнарларының айналасын тазартып, Сарысу өзеніндегі қоқыс шығарылды. Акцияға ұзын саны 245 ұжымнан 2000-нан астам адам мен 68 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 70 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Облыста 483 аула, 24 саябақ пен гүлзарлар, 61 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 138 әлеуметтік нысан аумағы қамтылды.

Назгүл Сүттібаева,Сәтбаев қаласы құрылыс бөлімінің басшысы:

«Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық акция өтіп жатыр. Өзімізге бекітлген аумақты тазалап жүрміз. Барлық қала тұрғындарын тазалыққа шақырамын, осы акцияға бір кісідей қатысып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде