{metadescription}
Астанада қазақ және ағылшынша пікірсайыс академия апталығы жұмысын бастады
Астанада қазақ және ағылшынша пікірсайыс академия апталығы жұмысын бастады

Астанада қазақ және ағылшынша пікірсайыс академия апталығы жұмысын бастады

Астанада қазақ және ағылшын тілдерінде пікірсайысқа үйрететін академия апталығы өз жұмысын бастады. Оған Debat Eli қоғам қоры мен оқу-ағарту министрлігі мұрындық болған. Нағыз сөз шеберлері қатысушыларға бес күн бойы дебаттың қыр-сырын үйретеді.

Бекзат Әділжанұлы, Debat Eli қоғам қорының құрылтайшысы:

Пікірсайысты үйрену, аргументация, қарсылық деген сияқты, бір-бірімізбен қалай конструктивті әңгімеге түсеміз, басқа адамдарды естуге, тыңдауға болады дегендей. Қалай төрешілік ету керек ? Тек пікірсайысқа үйрену емес, сонымен қатар техниканы өмірде қолдануға басымдық береміз.

Екі тілде қатар өтетін академия апталығына қатысуға жер-жерден 130-дан аса оқушы ниет білдіріпті. Соның ішінен алпысы іріктеліп алынған. Ал оларға бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беру үшін республикалық және халықаралық деңгейдегі қазақстандық пікірсайысшылардан бөлек, Ұлыбритания мен Польшадан тәжірибелі сарапшылар шақырылды.

Семинарларға сөзі өткір, ойы жүйрік танымал қоғам қайраткерлері де қатысады. Ұйымдастырушылар мектеп оқушыларына арнайы дайындалған оқыту бағдарламасы өрімдей жастарды сөз өнеріне баулып, білім көкжиегін байытатынына сенімді. Іріктеуден іркілмей өткен пікірсайысшылар да дебат техникасын жіті меңгеріп, сыни ойлау дағдысын дамытамыз деп отыр. 

Арайлым Зайдуллаева, пікірсайысқа қатысушы:

Осы дебатта базаны үйренбейміз, керісінше, сол базаны әрі қарай дамытатын, басқа жерде бере алмайтын білімді осы жерден аламыз. Тіпті frame сияқты ең негізгісін күрделі етіп, басқа бір деңгейде үйретеді деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде