{metadescription}
Жылу орталығын жөндемегендер қатаң жазаланады
Жылу орталығын жөндемегендер қатаң жазаланады

Жылу орталығын жөндемегендер қатаң жазаланады

Жыл басынан бері жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстарына 18 рет өзгеріс енгізіліпті. Жаздың бір айы зу етіп шыққанымен, кей қалада қазандықтар ауыстырылмақ түгілі, әлі қым-қуыт тірлігі де басталмаған.

Премьер-министр Олжас Бектенов жөндеу тәртібінің сақталмауына алаңдап отыр. Мәселен, апаттан көз ашпайтын бір ғана Екібастұз жылу орталығында жөндеу екі айға кешеуілдеген. Ал Теміртауда сәуірге жоспарланған құбыр ауыстыру әлі басталмапты. Бектенов орынбасары Роман Склярға бекітілген кестеге пысқырып та қарамағандарды мейілінше қатаң жазалауды сұрады.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Жоспарланған жұмыстың 25 пайызы орындалған жоқ. Басқа өңірлермен салыстырғанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында жылу желілерінің дайындығы төмен. Жұмыс республикалық бюджет қаражаты есебінен ғана жүргізіліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде