{metadescription}
Мұнайды май-шелпекке айналдырған екі ірі кәсіпорын басшысы қамауға алынды
Мұнайды май-шелпекке айналдырған екі ірі кәсіпорын басшысы қамауға алынды

Мұнайды май-шелпекке айналдырған екі ірі кәсіпорын басшысы қамауға алынды

Маңғыстау облысында мұнайдың ақшасын май-шелпекке айналдырған екі бірдей ірі кәсіпорынның басшысы қамауға алынды. Олар 3 миллиард теңгеге жуық қаражатты негізсіз жұмсады деген күдікке ілінген.

Қазір Маңғыстау облыстық прокуратурасы, экономикалық тергеу департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бірлесіп бес мұнай компаниясын майшаммен тексеріп жатыр. Әзірге «ОйлТранспортКорпорейшн» серіктестігі қара алтыннан түскен қаржыны оңды-солды жұмсаған. Атап айтқанда. олар 1,5 миллиард теңгеге техникалық талапқа сай келмейтін автобустарды сатып алған. Бағаны қолдан көтеріп, 400 млн теңге артық төлепті.

Ал West Oil Software мекемесінің басшылары туған-туысы мен компанияға қатысы жоқ адамдарға жалақы аударып келген. Осылайша компания 400 миллион теңгені мақсатсыз жұмсаған. Қазір осы іс бойынша тергеу басталып, аталған компаниялардың төрт лауазымды қызметкері қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде