{metadescription}
Көптен күткен Алматы әуежайы көптің көңілінен неге шықпай отыр
Көптен күткен Алматы әуежайы көптің көңілінен неге шықпай отыр

Көптен күткен Алматы әуежайы көптің көңілінен неге шықпай отыр

Көптен күткен әуежай көптің көңілінен неге шықпай жатыр? Алматы халықаралық әуежайындағы су жаңа терминалдың қолданысқа берілгені сол еді, «әйнегі шытынады» деп, жолаушылар күні кеше шу шығарған. Сыртқы рейстерге арналған нысанда эскалатор мен дәретханалар да жұмыс істемейді. Бұған әуежай президенті құрылыс негізінен маусым соңында аяқталуы тиіс еді, жазда жолаушылардың көбеюуіне байланысты мерзімінен бұрын іске қостық деп отыр. Ал сапасы әлемдік стандартқа сай, олқылықтар уақыт өте түзеледі деп түсіндірді.

Қашан келсең, ығы-жығы адамы мен кіріп-шығатын көлігі көп Алматы әуежайында жаңашылдық. Айдың басында тек халықаралық рейстерге қызмет көрсететін жаңа терминал іске қосылған. Басшылары құрылысы жаздың аяғында бітуге тиіс нысанды жолаушылардың көбеюуіне байланысты қолданысқа беруді жөн деп шешіпті.

Аумағы 55 мың шаршы метрден асатын жаңа терминал жылына 7 млн жолаушы қабылдауға дайын. Жеті телескопия трапы, 50 тіркеу тірегі және жүкті тасымалдауға арналған төрт лентасы бар. Әйтсе де халықаралық рейстерге арналған нысанның ашылғанына көп бола қоймаса да, қызмет сапасына шағымданып үлгерген жолаушылар аз емес.

Мәселен, Антон Ким жаңа терминал арқылы жақында ғана Францияға ұшқан. Ер адам ғимараттың сырты мен ішіне көңілі толмаған. Әсіресе сапасы жағынан сын көтермейді дейді.

Антон Ким:

Шынымды айтсам, құрылысы тез аяқталғанынан-ақ күдігім болды. Өз көзіммен көргенде, бәлкім, бұдан күшті жасауға болар еді деп қалдым. Қабырғалары біртүрлі боялған. Түсі де ұнамады. Еден жабындары да сарғылт түсте. Баяғының линолеумдері сияқты. Әрі дәретханалары да істемей тұрды.

Жаңа нысанның құрылысына шағымданғандар, әсіресе, әлеуметтік желіде көп. Арасында терминалдың мүлде ұнамағанын айтып, эскалатор мен шекаралық бақылау жүйесінің жұмысын сынағандары да бар.

— Мен Катардан жаңа терминал арқылы ұшып келдім. Көңілім мүлде толмады. Өте ыңғайсыз салынған. Қазір 2024 жыл ғой. Неге іш пыстыратындай қорап тұрғызған, түсінбедім. Эскалаторлар жұмыс істемейді, дәретханалары қорқынышты.

Тағы біреулер өткен аптада ғимараттың әйнегі шытынаған суретін желіге жүктеген. Қолданысқа берілгені сол, сынып жатыр деп сын айтыпты. Бірақ бұған қарамастан, шетелдік қонақтарға ұнап жатқан сыңайлы.

Екатерина Лазарева, жолаушы:

Мен Өзбекстаннан ұшып келдім. Бұған дейін ескі терминалға қонатынбыз. Қазір осы ғимаратқа қондық. Шынымды айтсам, маған ұнады. Биік, кең, қалағаныңды табасың. Өз басым сынған, бүлінген дүние көрмедім.

Әйтсе де әуежайдың президенті жаңа терминалдың бүгінге дейін екі мыңға жуық рейс қабылдағанын, күніне 16 мың жолаушыға қызмет көрсететінін айтып отыр. Сапасы жағынан экологиялық стандарттарға сай етіп салынған деді. Қалған олқылықтар келе-келе жойылады деп отыр.

Гокер Косе, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті:

Иә, ескі терминалдан жаңа терминалға көшу кезінде кейбір қиындық туындады. Рейстар бір уақытта келіп, уақытша мәселелер болғаны рас. Қазір барлығы шешілді. Жалпы ғимараттың темірбетон конструкцияларынан, сейсмикалық тлаптарға сәйкес салынған. Жаңа нысан болғаннан кейін кішкене отыратыны рас. Сондай кезде кейбір шыны әйнектер шытынайтын жері болады. Оны алмастырамыз.

Ал бұрынғы ескі терминалда енді тек ішкі рейстер қатынайды. Нысанда реконструкциялау жұмыстары басталып кеткен. Сыртына дейін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, келесі жылдың қазан айында аяқталуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде