{metadescription}
Отандық дерматологтар ақтаңдақ емінің ерекше тәсілін біледі
Отандық дерматологтар ақтаңдақ емінің ерекше тәсілін біледі

Отандық дерматологтар ақтаңдақ емінің ерекше тәсілін біледі

Әлемде витилигомен ауыратын науқас саны азаймай тұр. Бұл дертке шалдыққан адамның терісінде аппақ дақ пайда болады. Ақтаңдақ кеселі әлі күнге дейін толық зерттелмен. Аурудан түбегейлі жазылып шығу оңай емес.

Гүлмира Нұрланқұлова, Алматы облысының тұрғыны:

Менің бетімде, ашық жерде көп жоқ. Сондықтан қатты қысылып, ұялған жоқпын. Ал енді қызыма да шықты. Сыныптастары көңіл аудармайды. Қыз болған соң, жасөспірім шағында ұялады. Елдер басқаша қарайды. Автобуста келе жатсақ, елдер бір түрлі қарайды, өзгеше болып тұрғаннан кейін. Балам қысылады.

Ақтаңдақ ауруының шипасын іздеумен отандық дерматологтар да айналысып жатыр. Еліміздің ірі қалаларында арнайы емдеу орталықтары да бар. Мәселен, «Витилиго және тері денсаулығы орталығы» осыдан үш жыл бұрын ашылған. Сол уақыттың ішінде денесіне аппақ дақ түскен 3 мың науқас қаралыпты. Сондай-ақ, сәтті 90 ота жасалған. Мұндағы дәрігерлер емдеудің ерекше тәсілін ұсынады. Қажет болса, зақымданған теріні сау теріге ауыстырады. Орталық бүгін үшінші жыл қатарынан витилиго күнін атап өтті.

Айгүл Дүйсембаева, «Витилиго және тері денсаулығы орталығының» Астана қаласындағы серіктесі:

Біз жақсы қолдау береміз. Витилигомен қалай өмір сүру керек екенін. қалай емдеу керек екенін білеміз. Психологиялық тұрғыда қолдаймыз. Витилиго емделеді деген үміт береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде