{metadescription}
Ұсыныс: Түрмедегі қыз-жігіттерге де ЖОО квотасын бөлейік
Ұсыныс: Түрмедегі қыз-жігіттерге де ЖОО квотасын бөлейік

Ұсыныс: Түрмедегі қыз-жігіттерге де ЖОО квотасын бөлейік

Түрмеде жазасын өтеп жүрген қыз-жігіттерге де жоғары оқу орнына түсуге квота бөлейік. Еліміздің адам құқықтары жөніндегі уәкілі ғылым және жоғары білім министріне осындай ұсыныспен шықты.

Биыл алғаш рет сотталғандарды Алматыдағы екі университетте оқшаулау жағдайында оқыту жоспарланып отыр. Алайда оқу ақысы қымбат, жазасын өтеушілердің қалтасы көтермейді. Оларға квота бөлу керек деп есептейді Артур Ластаев. Уәкіл сотты болғандарды оқытсақ, қылмысқа қайта бармайды, қоғамда өз орнын тауып, тез бейімделіп кетеді деген пікірде. Ғылым және жоғары білім министрлігінде бұл ұсыныс қаралып жатыр. Саясат Нұрбек әуелі абақтыда отырған жастарды ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыстыру жайын тексеріп көрмек.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Былтыр біз пилот режимде бірнеше колонияда ҰБТ-ны ұйымдастырдық. Техникалық жағынан, ұйымдастыру жағынан қиын. Бірақ сол пилотқа бардық. Биыл осы мәселені қарастырамыз. Уәкіл арнайы квотаны сұрап отыр. Ол квотаны қарастыруымыз керек, ұйымдастыру сұрақтары оңай емес. Заңды тұрғыдан шектеу жоқ. Бірақ мәселені пысықтап, толық ақпаратты кейінірек береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде