{metadescription}
Атырауда жеті жасар қыз құлаған ескерткіштің астында көз жұмды
Атырауда жеті жасар қыз құлаған ескерткіштің астында көз жұмды

Атырауда жеті жасар қыз құлаған ескерткіштің астында көз жұмды

Атырауда ескерткіш тас құлап, жеті жасар қызды басып қалды. Ауыр жарақат алған оқушы ауруханада көз жұмған. Ал оның әкесі дәрігерлердің бақылауында.

Ержан Есболаев, Атырау облысы балалар ауруханасы директорының орынбасары:

Жағдайының ауыр болып, қатты жарақат алғаннан қайтыс болды. Екінші пациентіміз трамвпункте қаралды. Қолы сынған, ауыз қуысында, тілінде, денесінде жарақаттары бар, көмек көрсетілді.

Оқыс оқиға кеше кешкісін болған. «Жеңіс» саябағында серуендеп жүрген отбасы аяқ астынан қатты жел мен нөсер жауынның астында қалады. Қалқа іздеп бақтағы ескерткіштердің біріне тығылыпты. Осы кезде зілдей тас мүсін әкесі мен қызын басып қалған. Жаншылған қыз ауруханада көз жұмды. Саябақтағы бұл бюст Жеңіс күніне орай жеке компаниялар демеушілігімен 2020 жылы орнатылған. Соғыс ардагерлерінің мүсіні қашалған граниттің салмағы тоннадан асады. Оның күтімімен арнаулы автобаза мекемесі айналысады екен. Қазір тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тергеп жатыр.

Нұржан Ермұқанов, Атырау әкімінің орынбасары:

Бүкіл ескерткіштер Атырау әкімдігінің тапсырмасымен қоршауға алынды. Негізі Арнайы автобаза мекемесі тазалық жүргізетін еді. Сонымен қатар барлық құжат жинақталып, тексеруші құзырлы органдарға беріліп жатыр. Медициналық сараптама тағайындалды.Қандай жағдайда не болғанын анықтап, қосымша ақпарат береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде