{metadescription}
«Асыл деп алдаған». Ақтөбеде спорт мектебіндегі бес жылқының құнын кәсіпкер қайтарады
«Асыл деп алдаған». Ақтөбеде спорт мектебіндегі бес жылқының құнын кәсіпкер қайтарады

«Асыл деп алдаған». Ақтөбеде спорт мектебіндегі бес жылқының құнын кәсіпкер қайтарады

Ақтөбеде ат спорты мектебі сатып алған бес жылқының құнын тендер ұтқан кәсіпкер қайтаратын болды. Себебі «асыл тұқымды» деп алынған жылқылар мініс аттары болып шыққан.

Аудиторлар спорт мектебіндегі былықты бір жыл бойы тексерген. Олар тендер арқылы сатып алған тұлпарлардың түрі сұраныстағы сипатқа сәйкес келмейтініне таң қалыпты. Жылқылардың таза қанды екенін дәлелдейтін құжат та болмаған. Бірақ тұқымына қарамай, «мініске жараса болды» деген ниетпен «ақшасын аудардық» деп ақталады ат спорты мектебі басшылары.

Ең қызығы, жылқыны алыстан емес, осы мектеп есепшісінің анасынан сатып алған. Онымен қоймай, бірнеше жыл бойы төрт түліктің жем-шөбіне деген бюджет ақшасын бухгалтер өз анасына ұтқызып беріп отырған.

Қазір ат спортының басшысы да, есепшісі де жұмысынан кеткен. Көкпаршыларға бюджет қаржысына сатып алынған бес жылқының құнын кәсіпкер сот шешімімен өзі қайтарып беруге тиіс.

Жансая Таирова, Ақтөбе облысы соты баспасөз қызметінің бас маманы:

Сотта аудитор есебімен жауапкермен жеткізілген бес бас көкпар спорт жылқыларының техникалық ерекшелігі шартқа сәйкес келмейтіні анықталды. Жауапкермен осы жылқылардың асыл тұқымға жататынын дәлелдейтін құжттар, яғни асыл тұқымды деген куәлік сотқа ұсынылған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.