{metadescription}
Айдос Сарым: МӘМС-ке төлеген ақша қалай жиналып, қалай жұмсалып жатыр
Айдос Сарым: МӘМС-ке төлеген ақша қалай жиналып, қалай жұмсалып жатыр

Айдос Сарым: МӘМС-ке төлеген ақша қалай жиналып, қалай жұмсалып жатыр

Ай сайын ақша аударып, сөйте тұра, УЗИ, компьютерлік томографиядан өту үшін айлап кезек күтеміз. Мәжілісмен Айдос Сарым міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлеп отырған ақшамыз қалай жиналып, қалай жұмсалып жатыр деп сауал тастады.

Ал вице-премьер Тамара Дүйсенова бар мәселе ақпараттық жүйеде дейді. Дәрігерлер қазір 49 түрлі жүйеде жұмыс істейді екен. Оларды жыл соңына шейін бір жүйеге біріктіру көзделіп отыр.

Қазір елімізде 3 жарым млн азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақша төлейді. Денсаулық сақтау министрлігі мейілінше көп адамды қамту үшін медициналық көмек тарифтерін қайта қарап, емханаларға бөлінетін қаржы көлемін де ұлғайтпақ. Ал дәрігер алдындағы кезекті азайту үшін онлайн-жазылу жүйесін жетілдірмек.

Ербол Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Өкінішке қарай, дәрігерлер адамды емдеудің орнына, компьютерде деректерді қолымен толтырып көп отырады. Осы мәселені де қолға алдық. Осы тамыз, қыркүйек айларында осы мәселені жоюды жоспарлап отырмыз. Сол арқылы дәрігерлердің пациенттерді қарау уақытын үнемдеп, жазылу графигін оңтайландыру жұмыстарын атқарып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде