Енді полипропилен Қазақстанда өндіріледі — Petrochemical Industries Inc
Елімізде полимер бұйымдарын шығаратын компаниялар енді шетелдік шикізатқа тәуелді емес. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc серіктестігінде газ-химия кешені іске қосылғаннан бастап, полипропилен өзімізде өндіріледі. Оның үлесі былтыр нарықта 65 пайыздан асқан. Ал биыл компания рекорд орнатуды көздеп отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
26.06.2024
Елімізде полимер бұйымдарын шығарумен айналысатын 130-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Соның ішінде кілем шығарумен айналысатын «Бал Текстиль» компаниясы да бар. Полипропилен өзімізде өндіріле бастаған соң, «жұмысымыз айтарлықтай жеңілдеді» дейді.
Дәулет Қанашаев, «Бал Текстиль» ЖШС директорының орынбасары:
— Осы уақытқа дейін грануланы Ресейден, Қытайдан алып келдік. Соңғы жылдарда Атырауда KPI компаниясы іске қолсылғаннан бастап, полипропилен гранулаларын тікелей Қазақстаннан сатып алып бастадық.
Осы жаңашылдықтан кейін кәсіпорындар нарықтағы бәсекелестікке төтеп бере алатын болған. Яғни шикізат арзанға түскен соң, өнім бағасы да қалтаны қақпайды.
Шыңғыс Рысмағамбет, Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясының бас маманы:
— KPI зауыты 2022 жылдан бастап полпропилен өнімін шығара бастады. Қазір 9 марканы жасап шығарып отырмыз. Сапамызды тексеретін «СЖС» деген Швейцарияда орналасқан зертхана бар. Енді оның біздің зауытта ашылған зертханасы бар.
Полипропиленөндірісінде су аз шығындалатындықтан, экологияға да зияны жоқ. Жалпы KPI компаниясы осы жылы отандық шикізаттың үлесін 75 пайыздан асыруды көздеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!