{metadescription}
Жұрт «Kaspi Жұма» мерекесіне алғысын жаудырды
Жұрт «Kaspi Жұма» мерекесіне алғысын жаудырды

Жұрт «Kaspi Жұма» мерекесіне алғысын жаудырды

Өткен демалыс күндері еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген қазақстандық кәсіпкерлер демалыссыз, күшейтілген режимде жұмыс істеді. Өйткені 21, 22 және 23 маусым күндері Қазақстанда Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі тағы да өтті. Қалай өткені туралы тілшіміз баяндайды.

Сатып алушыларға тиімді зат сатып алу мерекесі. Ал сатушылар үшін сауда көлемі ұлғаятын кез.

Әсіресе кәсіпкерлер қуанышты – тапсырыстар Қазақстанның әр өңірінен түсуде. Бұл география мен сату көлемінің ұлғайып келе жатқанын білдіреді.

Аяулым Берліқаш, Muqajan жоба менеджері:

«Мұқажан» бренді осы заманауи стиліміз бен дәстүрімізді бірге үйлестіріа өнім шығарып жатыр. Kaspi Жұмада былғары белдіктерімізден бастап, «Мұқажан» саквояждарына дейін сатылымда. Біз негізі Алматы қаласы мен және Ақтауда өнімдерімізді таратамыз, жеткіземіз, Қазақстан бойынша. Бірақ көбінесе Астана қаласы жақсы алып жатыр.

Сатып алушыларға еліміздің кез келген қаласынан тауарға тапсырыс беруге болатыны ыңғайлы. Оны тікелей үйге немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа да жеткізеді.

Захида Зупинова, сатып алушы:

Кеше тапсырыс бердім, бүгін әкеп тұр. Жігіттер, жарайсыңдар! . Бәрін керемет етіп әкелді, тап-таза, мұқият оралған. Рахмет, Каспийге!

«Каспи Жұма» бөліп төлегенге өте ыңғайлы. Газ плита, тоңазытқыш алдым, соны бөліп төлеп отырамын. Қандай керемет!

Сандуғаш Қадырбаева, сатып алушы:

«Kaspi Жұмамен» ұсақ заттарды Каспи постоматтан аламын. Ал үлкен заттарды үйге алып келеді. Өте ыңғайлы. Келесің де, аласың. Үйде отырмайсың , ұзақ күтіп. Постомат өте керемет.

Жеткізу қызметі де мерекеге риза.

Алтай Коканаев, жүргізуші-экспедитор Alser:

— «Kaspi Жұманың» бізге пайдасы бар, тапсырыс көп болады .

Бізге «Kaspi Жұма» өте маңызды және тиімді. «Каспи Жұма» басталған кезде көп тапсырыс алуға тырысамыз. Таңертең сағат 9-дан бастаймыз,кешке дейін апаруға тырысамыз.

Онлайн-сату дәуірінде көптеген сатып алушылар сауда орталығына мерекелік атмосфераны сезіну үшін келеді.

Адамдар өте көңілді күйде. Оларға біздің сыйлықтар, шарлар ұнады. Бәрі бізге разы. Бізбен фотоға түсіп жатыр. Бәріне үлкен рахметімізді айтамыз. Атмосфера өте әдемі.

Керек нәрсенің бәрін алып жүрмін. Әсіресе немерем сұраған нәрсенің барлығын аламыз.

«Каспий Жұмаға» рахмет айтқым келеді.

Әрине, дүкенде өнімді көзбен көріп, таңдаған қызықты.

Гаухар Үркімбаева, «Комфорт» дүкенінен сатып алушы:

— «Каспи Жұманы» екінші рет пайдаланып жатырмыз. Бірінші үлкен бассейн алғанбыз, балаларға. Енді сол бассейнге керек заттарды алайын деп жатырмын. Өте ыңғайлы.

Осылайша бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі қазақстандықтарды қуантып келеді. Kaspi Жұма қазірдің өзінде нағыз қазақстандық экономиканың құбылысына айналды. Ол адамдарға отбасы бюджетіне салмақ түсірмей, қажетін сатып алуға өте тиімді. Ал бизнестері де дамып, жаңа жұмыс орындарын да ашуға үлкен септігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.