{metadescription}
Тұсаукесер: Марат Тоқашбаевтың «Уақыт жебесі» — ұлт мәселесі мен отбасы құндылығы
Тұсаукесер: Марат Тоқашбаевтың «Уақыт жебесі» — ұлт мәселесі мен отбасы құндылығы

Тұсаукесер: Марат Тоқашбаевтың «Уақыт жебесі» — ұлт мәселесі мен отбасы құндылығы

Алматыда ұлт мәселесі мен отбасы құндылықтарын қозғайтын бес томдық кітап жарыққа шықты. Жазушы Марат Тоқашбаевтың «Уақыт жебесі» атты шығармасында тарихи тұлғалар мен журналистердің мәртебесі жайында да жазылған.

Ерекше туындының таныстырылымына ғалымдар, атақты әдебиет майталмандары келді. Автордың түрлі тақырыпты бір туындыға сыйдырғанына жиналғандар тәнті болды.

Жалпы публицист Марат Байділдәұлы талай жылдан бері журналист мәртебесін көтеру тақырыбында сөз қозғап келген жазушылардың бірі. «БАҚ қызметкерлерін құқықтық тұрғыдан қорғап, кәсіби міндетінің артуына мемлекеттен көмек болса, халықтың демократиялануына жол ашылар еді» - дейді жазушы-журналист.

Сәуле Жиреншина, «Қазақстан» РТТРК» АҚ Алматы филиалының директоры:

Марат аға ешқашан да бір қоғамда болып жатқан оқиғадан тыс қалған емес. Ол әрқашан өзінің ойымен бөлісіп отырады. Бүгінгі тұсаукесері өтіп жатқан шығармалар жинағы, әрине, Марат ағаның өзінің өмір-бақи жазған, жинаған-терген, өзінің еңбектерінен құралған. Сондықтан бұл барша қоғамға өте пайдалы кітап, пайдалы жинақ болады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде