{metadescription}
Абай облысы: Мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді
Абай облысы: Мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді

Абай облысы: Мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді

Абай облысында полиция қызметкерін жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. 35 жастағы анықтаушы сол жерде көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болыпты.

Жол апаты Аягөз ауданында болды. Ішімдікке тойып алған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген екен.

Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істеген. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде