{metadescription}
«Алаяқтар». Ескерту: пароль айтпа, сілтеме баспа, бағдарлама жүктеме
«Алаяқтар». Ескерту: пароль айтпа, сілтеме баспа, бағдарлама жүктеме

«Алаяқтар». Ескерту: пароль айтпа, сілтеме баспа, бағдарлама жүктеме

Қарағандыда телефон алаяқтарына алданғандар ортақ чат ашып алды. WhatsApp тобындағы адам саны 200 -ден асқан. Бәрінің басынан өткізген жағдайы ұқсас — алаяқтар алдап-арбап, миллиондаған теңгеге несие рәсімдеген. Енді сол қарызды өздері жабамын деп сормаңдай болып жүр. КТК тілшісі опық жегендермен кездесіп қайтты.

Дмитрий Русевтің ай  сайынғы жалақысынан 50 пайызды банк ұстап қалады. Оның атынан бірден 10 миллион теңге рәсімделген. Енді оны 20 миллон қылып қайтарады. Белгісіз адам қоңырау шалып, өзін Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінен деп таныстырады. Ол алаяқтардың құрбаны болып қалмауы үшін ұялы телефонға бағдарлама жүктеп алу керек деген. Бағдарламаны жүктегені сол екен, телефонды басқару мүмкін болмаған. Дем арада мойынға екі несие ілініпті.

Дмитрий Русев Қарағанды қаласының тұрғыны:

Менде екі банкте қанша ақшамның жатқанын айтып берді. «Көріп отырмыз» деді. «Плей-маркетке кіріңіз, бағдарламаны жүктеңіз» деді. СМС кодтар келді. Менімен сөйлесіп отырып, телефоннан биометрия өттім. Сөйлеп отырып, басты айналдырып сендірді ғой.  

Аялақтардың құрбандары қазір топтасып, өздерінің жазықты еместігін дәлелдемек. Көп уақыт полиция мен сот табалдырығын да тоздырған. Ең болмағанда, несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді сұрағандарымен, пайызы күн сайын өсіп жатыр.

Ольга Иванова:

  Банктер бізді зардап шегуші ретінде тануын талап етеміз. Олар ақшаны бізден емес, банктен ұрлады ғой. Біздің шот арқылы алып шықты. Бірақ біз еш қолдау көрмей отырмыз. Полиция жарты жылдан бері үнсіз. Өте қиын. Көбі банкпен соттасып жеңілді. Сот банктің сөзін сөйлеп шығады.  

Полицейлер адам алдаудың тәсілі күн өткен сайын қитұрқы және күрделі болып барады дейді. Қанша хабарландыру жасағаным алаяқтардың құрбандары азаймай тұр. Өткен жарты жылдың өізінде алданған 700 адамнан арыз түскен. Оның тек 10 пайзыны ғана ашылыпты. Сонымен қатар несие төлемін кейінге шегеру мүмкіндігін, несие алуға өздері қатыспағандар ғана ала алады екен.

Мерей Арапов, Қарағанды облысы ПД аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі: 

Жәбірленуші алаяқпен сөйлескенде өзінің телефонына жалған қосымшаларды қосып немесе телефонына келген СМС кодтарды алаяқтарға айтса, ол кезде банк немесе микроқаржылық ұйым, орысша айтқанда, отсрочка берілмейді.  

Заңгерлердің айтуынша, несиені алаяқтар рәсімдегенін дәлелдеу өте қиын. Несиені заңсыз деп тану деректері де сирек. Сондықтан мамандар қаржы ұйымдары несие беру талабын қатайту қажет деп санайды. Тұрғындардың өзі де сауысқандай сақ болса екен дейді. Телефонның паролін ешкімге айтпа, сілтемелерді баспа және бағдарлама жүкте десе, ат-тоныңды ала қаш.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.