{metadescription}
Президент: Халыққа жан-жақты сарапталған, тексерілген, шынайы ақпаратты ұсыну аса маңызды
Президент: Халыққа жан-жақты сарапталған, тексерілген, шынайы ақпаратты ұсыну аса маңызды

Президент: Халыққа жан-жақты сарапталған, тексерілген, шынайы ақпаратты ұсыну аса маңызды

Отандық журналистика мықты қоғамдық институтқа, нағыз төртінші билікке айналды. Ал журналистердің алдында тұрған міндеттер ауқымы — кең.

Мемлекет басшысы бүгін Ақордада БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, алғысын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа медиа дәуірі басталғанын, соған сай журналистер жасанды интеллект технологиясын тиімді пайдаланып жатқанын тілге тиек етті. Мұны жаңашылдық пен жасампаздықтың көрінісі деп атады.

Президент қазіргідей құбылмалы заманда халыққа жан-жақты сарапталған, тексерілген, шынайы ақпаратты ұсыну аса маңызды екеніне тоқталды.

Президент еңбегіне адал төрт әріптесімізге сыйлығын табыс етті. Төрт адам Президент грантына ие болса, тағы төрт ұжымға арнайы алғыс жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз ортақ. Бұл баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде