{metadescription}
Ақтөбе: Ескі қорымдағы сығандар садақа беретін орын тазартылатын болды
Ақтөбе: Ескі қорымдағы сығандар садақа беретін орын тазартылатын болды

Ақтөбе: Ескі қорымдағы сығандар садақа беретін орын тазартылатын болды

Ақтөбедегі ескі қорымда сығандардың садақа беретін орындары тазартылмақ. Зират күтіміне жауапты компания диаспора өкілдерімен келісімге келген. Кәуәп әзірлеп, дастарқан жаятын жерлерін жоқ қылатын болады. Бұл қорымда түрлі дін өкілдері қатар жерленіп, араласып кеткен. Атақты ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің де сүйегі осында. Ғалымдар қаланың қақ ортасындағы зиратты ерекше қорғауға алу керек деп отыр.

Ақтөбенің қақ ортасындағы бұл қорым адам жерленген жерден гөрі, куәпханаға көп ұқсайды. Дастарқан жаятын орнынан бастап,тіпті мангалдарына дейін бар. Тек даяшы мен аспаздар ғана жетіспейді.

Сығандардың салты бойынша марқұм болған жақындарын еске алуға мола басына жиналады. Осы жерде ас әзірлеп, дұға-тілектерін айтады. Қорымда түрлі дін өкілдері аралас жерленгендіктен, бұл жоралғы көпке ұнай бермейді. Зират күтіміне жауапты компания өкілдері барондармен сол үшін бір бітімге келдік деп отыр.

Әнуар Қожанов, мердігер компания өкілі:

Ол жерде аралас мола. Христиандар да, мұсылмандар да бар. Енді ана барондармен келісімге, шешімге келіп жатырмыз. Бәрін алып тастайды. Мангал аймағын, күркелерін де алып тастайды. Келісіп отырмыз. Қоқыстарын жинайды.

Теологтар мұсылмандардың бұрын да өзге дін өкілдері қорымы жанына жерленгені болғанын айтады. Бірақ аралас зираттың болғанын құптамайды. Әрбірінің ғұрпы да, жерлеу ерекшеліктері де бөлек. Сол ескерілу қажет дейді.

Әділжан Ұзақбай, теолог:

Ерте кездері мұсылмандар жерлейтін жер таппаса, мұсылмандар қабірі болмаса ,оны өзге дін өкілдері, кітап иелері деп айтамыз, христиан немесе иуди қабірлері, мазарларының жанына жерлеуге рұқсат етілген екен. Ал енді қазір заман басқа. Сол себепті біз енді әр ұлттың салты бар дегендей, дәстүрі бар деген сияқты, орындары бөлек болуға тиіс. Ал енді өткен кездегі дау-дамайы бар, не себепті бірге жерлену керек деген сияқты. Жоқ, ол кездің саясаты басқа болды. Өткен рәсім кетті.

Қаланың қақ ортасындағы ескі зиратта соғыс жылдарында госпитальда көз жұмған жауынгерлер де жерленген. Қазақтың атақты тұлғалары да осында. Ақын Нұрпейіс Байғанин, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер Бауыржан Қаратаев, профессор- дәрігер Халида Маманованың да бейіті бар. Сондықтан ғалымдар бұл орынды ерекше қорғауға алу қажет деп отыр.

Үмбетхан Сәрсенбин, философия ғылымының кандидаты:

Бұл қорым үлкен қорым. Осыдан 2-3 ғасыр бойғы келе жатқан қорым. Ал енді қазіргі көріп-біліп отырған тұлғаларды айтпағанда, басқа да ол жерде тұлға көп. Сол себепті мұның барлығы заңмен реттеліп, мемлекет құзіретіне алыну керек еді.

Көне қорым толық қоршалғанымен, әлі күнге дейін адам жерлейді. Жақынының моласының жанында бос жер болса, «оған тыйым сала алмаймыз» деп отыр мердігер компания өкілдері. Құзырлы органдар тоқтам жасауға шешім шығарса, жерлеуге енді ешкімді жолатпайтынын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде