{metadescription}
Семей: Тыйым салған жерге шомылғандарға жаппай айыппұл салып жатыр
Семей: Тыйым салған жерге шомылғандарға жаппай айыппұл салып жатыр

Семей: Тыйым салған жерге шомылғандарға жаппай айыппұл салып жатыр

Семейде тыйым салынған жерге шомылған тұрғындар жаппай жазаланып жатыр. Бір айдың ішінде 38 адамға айыппұл салынды.

Алайда бұл ескертуді көбі елеп-ескеріп жатқан жоқ. Есесіне, Ертіс өзеніндегі иірімі бар жерге шомылатындар көбейген. Жастар тіпті өзен жағалауына жақын орналасқан мекеме қоршауынан суға секіргенді қызық көріп, басын қатерге тігуде. Ал сол жерлерге қойылған ескерту белгісі бар тақтайшаны да бұзып тастаған. Қауіпті жерде шомылған үш адам суға кетіп, он адамды құтқарушылар аман алып шыққан. Басым бөлігі балалар. Сондықтан ескертуге құлақ аспағандарды жазалаудан басқа амалы қалмаған.

Асылбек Байбуров, Абай облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының офицері:

Абай облысында 170 орынға ескерту белгісі бар тақтайша орнатылды. Бірақ оны ешкім елемейді. Қазір Ертіс өзеніндегі қауіпті орындарды қатаң бақылауға алып отырмыз. Ол үшін 14 мобильді топ құрылып, күнделікті рейдке шығып жүр. Су жағасында ішімдік ішкендер мен қауіпті жерге шомылғандарға жеті АЕК көлемінде айыппұл салынып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде