АЭС: Жалпыхалықтық референдум күзде өтетін болды
Атом электр станциясын салу мәселесіне байланысты жалпыхалықтық референдум күзде өтетін болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Ақордада бұқаралық ақпарат құралдарын кәсіби мерекемен құттықтаған сәтінде айтты. Әзірге науқанның өтетін нақты күнін белгісіз. АЭС салу туралы түпкілікті шешімді халық қабылдайды, - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Автор: Айжан Шамшидин
27.06.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— Шын мәнінде елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді тек халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді.Үкімет нақты датаны айқындайды.
Бұған дейін энергетика министрлігі мамандармен бірлесе бірнеше өңірді аралап, нысан Алматы облысындағы Үлкен ауылында бой көтереді деген тоқтамға келген. Күзде өтетін референдумға дейін атқамінерлер түсіндірме жұмыстарын жалғастыра бермек. Әзірге нақты қай мемлекеттің АЭС құрылысын мойнына алатыны белгісіз. Үміткерлердің арасында Корея, Франция, Қытай және Ресей бар. Референдум күні қазақстандықтарға бюллетеньде тек бір сұрақ қойылатын болды.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
— Референдумда халық АЭС салуға «иә» не «жоқ» деген жауаптың бірін тайдайды. Қай елдің құрылысты бастайтыны туралы сұрақ бюллетеньде болмайды. Ал науқан нақты қай күнге белгіленгенін Үкімет шешеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!