{metadescription}
Алматыда көкжөтел жұқтыру 20 пайызға өскен
Алматыда көкжөтел жұқтыру 20 пайызға өскен

Алматыда көкжөтел жұқтыру 20 пайызға өскен

Алматыда көкжөтел жұқтыру дерегі 20 пайызға өскен. Бес айда 62 науқас коклюш диагнозымен тіркеліпті.  Ауруға шалдыққандардың дені — 14 жасқа дейінгі екпе салдырмаған балалар.

Оңтүстік астанада қызылша дерті де дендендеп барады. 3170 науқастың екі мыңға жуығы — балалар мен жас өспірімдер. Бұл  вакцинациядан бас тартудың салдары дейді мамандар. Жалпы қалада эпидахуал тұрақты. Тырысқақ, іш сүзегі, қышыма, күйдіргі сияқты қауіпті инфекция ешкімнен анықталмаған. Ал маусымдық тұмаудан қорғайтын екпені қала тұрғындарының тек 11 пайызы ғана салдырған. Жаз мезгілінде тағамнан улану, ішек инфекциясын жұқтыру жиілеген.

Қасымхан Алпысбайұлы, Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы:

11 нозология, оның ішінде сальмонеллез 17,4%, этимологиясы анықталған ішек инфекциясы 22,1%, көкжөтел 20,1 есеге, менингококк инфекциясы 1,6 есе, қызылша 5,8 есе, А вирус гепатиті 41,6%, жедел В вирус гепатиті 44,4%, созылмалы С вирус гепатиті 32,5%, энтеробиоз 1,7 есе, ЖРВИ 7,8%, дерматомикоз 32,2% артқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде