{metadescription}
Алматыда маусым аллергиясы асқынғандар саны күрт өсті
Алматыда маусым аллергиясы асқынғандар саны күрт өсті

Алматыда маусым аллергиясы асқынғандар саны күрт өсті

Алматыда маусым аллергиясы асқынғандар саны күрт өсті. Науқастар көп жағдайда көзі, мұрны мен тамағы қабынатынына шағымданады. Кем дегенде, жылына бір рет дәрігерге қаралып, арнайы екпе жасататындар өзін әлсіз сезінеді екен. Әсіресе шілде мен қазан айлары аралығында жағдай өршиді. 

Ақнұр Аманның көктемде басталған аллергиясы қара күзде бір-ақ басылады. Ол осындай маусым нағыз сынаққа айналатынын айтады. Қала тұрғыны ауруы асқынып кетпес үшін жылына бір мәрте дәрігерге көрініп тұрады. Әйтпесе мұрнынан су ағып, көзі жасаурап, түшкіріп есі шығады.

Ақнұр Аман:

Көп түшкіремін. Мөлшерсіз, шамадан тыс көп, көзім қышып, жасаурап, тамағым қышиды. Басты белгілері сол ғой. Негізі жыл он екі айда, әсіресе жазда. Көктем шыға, өршиді. 

Алматыда Ақнұр секілді аллергияға шалдыққан тұрғындар көп. Ауру жас талғамайды. мЕгде жастағы қариядан еңбектеген балаға дейін. Мамандардың айтуынша, аллергия күннің, ауаның, шаң-тозаңның, өсімдіктердің, тағамдардың, дәрі-дәрмектермен түрлі бояғыш заттардың денеге кері әсерінен болады.

Ділдәш Қадырова, аллерголог-дәрігер:

— Негізінен қоршаған ортаның ластануынан, адамның дұрыс өмір салтының ұстанбауынан, түрлі қоспа мен бояғышы бар аспен тамақтанудан, қантты энергетикалық газдалған сусынды пайдалануынан. Сонымен қатар ұйқысы бұзылып, стресс, шамадан тыс жұмыс, өзін-өзі емдеу де кері әсер ететіні рас. Маусым аллергиясы көбінесе гүлдердің тозаңынан, шаң, дәрі-дәрмек, тамақ өнімдерінен пайда болады.

Зайтуна Турдиева, жоғары санатты дәрігер, еуропалық аллергология және иммунология академиясының мүшесі:

ДДСҰ статистикасына сәйкес, аллергия жыл сайын екі есе өседі. Келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда, шамамен, бір жарым есе көп. Екі медициналық орталыққа айына жүзге жуық науқас келеді. Тамыз, қыркүйек айларында бір дәрігердің өзіне 200-300 науқас қаралады.

Маусым індетіне шалдықпас үшін мамандар, кем дегенде, жылына бір рет дәрігерге қаралу керек дейді. Себебі аллергияның соңы созылмалы демікпеге ұласып кетуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде