Сауалнама: Жұрттың 61 пайызы еліміздің даму бағыты дұрыс деп санайды
Қазақстандықтардың 61 пайызы еліміздің даму бағыты дұрыс деп санайды. Әлеуметтік сауалнамаға 17 облыстың 18 жастан жоғары сегіз мың тұрғыны қатысып, басым көпшілігі кейінгі уақытта өмір суру сапасы жақсарғанын атап көрсеткен.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
28.06.2024
ҚР президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты сауалнаманы маусымның 11-22 аралығында жүргізген. Оның қорытындысы: елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғарылаған. Сұралғандардың 31 пайызы өзінің және отбасының материалдық жағдайы түзелгенін айтқан. Тек 8,6 пайызы "әрең өмір сүріп жүрміз" деген.
Ал байып келе жатқандарын 27 пайызы айтыпты. Тағы 31 пайызы жағдайының тұрақты екенін жеткізген. Мамандар бұған елдегі жалақы, зейнетақы және шәкіртақы өсуі мен жәрдемақы алатындардың саны көбейгені себеп дейді. Сонымен қатар елімізде әлеуметтік оптимизм де пайда болыпты. Яғни халық ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Сұралғандар осы бағыттан таймасақ, денсаулық сақтау, білім беру салалары дамып, баспана мәселесі дұрысталады деген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!