{metadescription}
"Ұшақтағы концерт". Тұрсынбек Қабатов бес күнге қамалды
"Ұшақтағы концерт". Тұрсынбек Қабатов бес күнге қамалды

"Ұшақтағы концерт". Тұрсынбек Қабатов бес күнге қамалды

Ұшақтағы "концерті" үшін қамауға алынды. Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов мас болып, жолаушылардың мазасын алғаны үшін бес күнге абақтыға аттанды.

Ол осы айдың басында Алматыдан Астанаға қарай ұшыпты. Әуе кемесіне қызу күйде мініп, аузына келгенін айтып жұрттың ығырын шығарған көрінеді. Сотта Қабатов бұл әрекетін борт серіктерінің қызметіне көңілі толмауымен түсіндірген. Ал аузынан бейәдеп сөздер шыққаны есінде жоқ. Бірақ шоуменнің ылаң салғанын куәгерлер растап, оның мас болғаны сараптамамен дәлелденген.

Істі қараған Астана әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қабатовты бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.