«Тұмар»: Мәдина Балғабаева — үздік тележүргізуші
«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінде әріптесіміз, КТК телеарнасының дикторы Мәдина Балғабаева оқ бойы озық шығып, үздік тележүргізуші номинациясын жеңіп алды.
Автор: Гүлвира Cейтенова
28.06.2024
Мәдина Балғабаева 25 жылдан бері журналистика саласында тер төгіп жүр. Осынша уақыт бойы үздіксіз тікелей эфирде жаңалықтар жүргізіп келеді. Тележүргізуші боламын деп ес білгелі, бес жасынан армандаған. Қазір күнде кешке көгілдір экраннан күллі Қазақстанды ел мен әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтардан хабардар етіп жүр. Ал "Тұмар" — алғашқы телевизиялық жүлдесі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Ерен еңбегі үшін" медалімен де марапатталған.
Мәдина Балғабаева, "КТК" арнасының тележүргізушісі:
— «Тұмар» алу рәсімі өмірімдегі ең бақытты сәттерімнің бірі десем, қателеспеспін, артық айтпаспын. Бұл менің жұмысымның ең тәтті жемісі. Тек менің жеңісім емес, бүкіл редакцияның, бүкіл творчестволық ұжымның еңбегі. Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз. Әріптестеріме тек жақсылық тілеймін. Бүгінгі төл мерекеміз құтты болсын! Мен бақыттымын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!