{metadescription}
Мамандар: Қолма-қол ақшаны қолданыстан шығармау керек
Мамандар: Қолма-қол ақшаны қолданыстан шығармау керек

Мамандар: Қолма-қол ақшаны қолданыстан шығармау керек

"Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны қолданыстан шығармауы тиіс". Алматыда «Ұлттық валютаны енгізу» тақырыбында өткен алқа жиында мамандар осылай дейді.

Айнұр Бақытжанова, әлеуметтанушы:

Электронды қаржылық айналымның енгізілуі бұл жерде қолма-қол ақшаның айналымы мәселесін тудырып жатыр. Мысалы, Қаңтар оқиғасында электронды ақшаға байланысты, қолма-қол ақшаның болмауына байланысты  көптеген қиындық болды. Сонымен қоса Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынаста қаржылай қолма-қол ақшаның құндылығын, біз сол кезде ғана түсіндік.

Карантин кезінде онлайн төлем жасау мүмкін болмай, халық қолма-қол ақша іздеп біраз сабылды дейді мамандар. Шараға жиналғандар төл теңгеміздің даму тарихын да еске түсірді. Мемлекеттің егеменді ел екенін айқындайтын бірден-бір белгі —  төл валютамыз. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге ресми айналымға енген еді. Енді әлемде басылымдар да төл теңгемізді әлемдегі ең әдемі валюталардың қатарына енгізіп отыр. Айта кетейік, аталмыш конференцияны Халықаралық әлеуметтану және саясат институты ұйымдастырған.

Эдуард Полетаев, саясаттанушы:

Ұлт валютасының даму тарихын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін талқыладық. Бұл өте маңызды, өйткені мемлекет басшысы ұлт валютасы  теңгені, ұлт тәуелсіздігінің нышаны деп атады. Бұл мемлекетіміздің экономикасыны өсуінің қайнар көзі және маңызды факторы. Жасыратыны жоқ, тәуелсіз болып көрінгенімен, ұлт валютасысы жоқ елдер де бар. Қазақстанда бұл мәселе толық реттелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде