Мемлекетке опасыздық жасаған Кәрім Мәсімов рақымшылыққа ілікпейді
Мемлекетке опасыздық жасап 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов рақымшылыққа ілікпейді. Президент жанындағы комиссия осындай тоқтамға келген. Дегенмен соңғы нүктесін мемлекет басшысы қояды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
28.06.2024
Марат Башимов, Мәжіліс депутаты:
— Президент нақты өзі ғана 44-бап бойынша шеше алады. Ал мынандай комиссия құрылғанда, арасында мемлекеттік емес ұйымдар, ғалымдар бар. Өйткені ішкі істерді қарап, бақылап отырады, қалай отырды деген секілді. Сондай шешіммен президентке ұсынған. Сол үшін осындай шешімдер жоғарыға кетті.
Мәсімов жазасын жеңілдетуді сұрап Президенттің атына өтініш жолдаған болатын.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы ретінде былтыр 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Отанға опасыздықтан бөлек, қызмет өкілеттігін асыра пайдаланып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенгендер қатарында оның үш орынбасары да бар. Бәріне бірнеше ауыр айып тағылып темір торға тоғытылды. Қазір 59 жастағы Мәсімовке қатысты тағы бір қылмыстық іс жүріп жатыр. Аса ірі көлемде пара алу және қылмыстық жолмен тапқан қаржыны заңдастыру ісі бойынша күдікті деп танылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!