{metadescription}
Қырғызстанда селден 14 адам қаза тапты, арасында қазақстандық төрт бала бар
Қырғызстанда селден 14 адам қаза тапты, арасында қазақстандық төрт бала бар

Қырғызстанда селден 14 адам қаза тапты, арасында қазақстандық төрт бала бар

Қырғызстанның Ош облысында тоқтаусыз нөсерден болған табиғат апатынан 14 адам қаза тапты. Бұл тізімде қазақстандық төрт бала да бар. Алайда көрші елде болған төтенше жағдайда нақты зардап шеккендер саны әзірге белгісіз. Құзырлы органдар іздестіру-құтқаруды жалғастырып жатыр.

Аяқ астынан басталған су тасқыны Әпшір-Ата ауылында көпірді, он бағананы бұзып, он ауланы су басқан. Науқат ауданының тұрғындары мен туристері бірден эвакуацияланған. Олардың саны 1300-ді құрап отыр.

Малика Бутаева:

 Бізге қарай тасқынның келе жатқанын естідік. Бізге тез арада үйден кетуді бұйырды. Құжаттырымды алдым, біірақ шығу оңай болмады. 

Отбасымызбен демалып жатқанбыз. Кенет қатты жауын басталды. Құтқарушыларға рақмет! Олар бізді төтенше жағдай орнынан бірден жеткізді. Балалар гигиена құралдарымен қамтамасыз етілді.

Қазір Құлатов-Көкжар ауылдары арасындағы жол да жабылған. Оқиға орнына төрт жүк тиегіш, 11 экскаватор мен бес арнайы техника жұмылдырылыпты. Аудан аумағында төтенше жағдай режимі жарияланды.

Бегалы Ажиев, Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі;

Төтенше жағдайлар қызметкерлері техникаларымызбен келіп, қалпына келтіріп жатырмыз. Бес техника тартылған. Екі ауылды байланыстыратын жолды екі сағатта қалпына келтіреміз.

Нөсер жауын көрші тұрған Жетім-Дөбе ауылындағы жеңіл көлікті де ағызып кеткен. Машинаның ішінде бес адам болған екен. Жергілікті тұрғындар соның біреуін ғана құтқарып қалған. Кейін үш азаматтың мәйіті табылды.

Дөөлөтбек Суранбайуулу, Кара-Гуз ауылының тұрғыны:

  Бұл шынымен де өте қорқынышты. Мен бұл адамдарды жеке білетінмін. Отағасы көлікте, әйелі мен үш баласы болған. Мұндай қайғылы оқиғадан тек баласы ғана аман қалып отыр.

Алтынбек Исабеков, Қырғызстан Республикасы ТЖМ құтқару қызметінің командирі:

Қанша күннен бері өлкемізде сел жүріп, Ноокат ауданында сел болып, қаншама адам қаза болды. Қара-Құлжа ауданында да сел жүрді. Осында 14 жастағы бір баланы іздеп жатырмыз. Құм шайқап көміп қоюы мүмкін. Кеше осы жерде ата-анасы құмға көміліп табылған екен. Қазір батпақ жерлердісу айналып өткен құмды жерлерді қарап жатырмыз. Табу үшін жанталасып жатырмыз.

Көрші елдің төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше, нөсер жауын 2 шілдеге дейін жалғасады. Наукен ауданына қарасты Бостон мен Ескі Қошқар ата ауылдарының 300-ге жуық үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде