{metadescription}
Алматыда қоғамдық көлік жолақысы 120 теңге болуы мүмкін
Алматыда қоғамдық көлік жолақысы 120 теңге болуы мүмкін

Алматыда қоғамдық көлік жолақысы 120 теңге болуы мүмкін

Алматыда автобустың жолақысы өсуі мүмкін. Әкімдіктегілер құнын 100 теңге емес, енді 120 теңге қылып бекітуді көздеген. Ал 200 теңгелік қолма-қол төлемді мүлдем алып тастамақ.

Оңтүстік астанада жол жүру бағасы былтыр жазда ғана көтерілген. Биыл тағы да автопарктер қолданыстағы тариф «тиімді емес» деп, көтеруді сұрап шағым түсірген. Өздерінің есебінше, 100 теңге бар шығынды жабуға жетпейді. Оның ішінде көлік бөлшектері, жанар-жағар майы мен жүргізушілердің жалақысына дейін бар. Кірістен гөрі, шығыс көбейген. Субсидия мөлшері де жыл санап өсіп жатыр.

Мәселен, былтыр қоғамдық көлікке 70 миллиардқа жуық теңге бөлінсе, биыл 100 миллиардқа дейін барып қалуы мүмкін. Бұл жергілікті бюджетке айтарлықтай салмақ .

Сондай-ақ қоғамдық көлік қатысуымен жол апатының жиілеуіне байланысты жүргізушілерді енді арнайы кабинамен жабдықтау көзделіп отыр. Ал жолаушылардан ақша жинауға алаңдамас үшін қолма-қол төлем қабылдауды жоймақ.

Сонымен қатар ақыны көтерудің есебінен ауыл-аймаққа қатынайтын жаңа автобус бағыттарын қосу жоспарланды. Жаңа тарифтің жақсы жағы да осы. Ұсыныс бір ай бойы ашық талқыланады.

Азамат Ешанқұл, Алматы мобильді басқармасының бөлім басшысы: 

Былтыр біз 10 маршрут аштық. Қарасай, Талғар, Іле ауданына. Биыл біз тағы 20 маршрут ашамыз. Ол жерде Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле ауданы бар. Бәрін тасымалдаушыларға ұсынудамыз. Схемасы аяқталып қалды. Қаладағы шағын аудандар мен жаңа үйлердің, халықтың көбеюіне байланысты тағы да маршруттар қарастырып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде