{metadescription}
«6 тг қымбаттаған». Шымкентте бір аптадан бері автогаз тапшы
«6 тг қымбаттаған». Шымкентте бір аптадан бері автогаз тапшы

«6 тг қымбаттаған». Шымкентте бір аптадан бері автогаз тапшы

Шымкентте бір аптадан бері автогаз тапшылығы сезілуде. Көлігіне көгілдір отын іздеген жүргізушілер бағаның бірден алты теңгеге қымбаттап кеткенін айтады.

Мақсат Оспанов:

Кейбір бекетте сағаттап күтеміз. Ал үш күннен бері тіпті проблема болды. «1 шілдеден жақсы болады» деген ғой, сонда да төрт сағаттай кезекте тұрмыз.

Шымкенттегі автогаз құятын 167 бекеттің басым көпшілігінде соңғы күндері мүлдем газ жоқ. Ал сұйық отын қоры қалғандары там-тұмдап сатуда. Қаздай тізілген көліктер сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Қаладағы автогазға жауаптылар да соңғы күндері тапшылық болғанын мойындайды.

Шымкент қаласы ай сайын тоғыз жарым мың тонна газ тұтынады. Бірақ қазір небәрі алты жарым мың тонна сұйық отын жеткізілуде дейді энергетика басқармасындағылар. Бірақ бүгіннен бастап газ құю бекеттеріне автогаз жеткізіледі деп уәде берді.

Ілияс Есжанов, Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:

«Ақтөбе Мұнайгаздан» келуі, жолы, графикке қойылуы бар. Соның бәрі 30 шілдеде келді, 20 вагон. Үш күнде қалған 43 вагон келе жатыр. Жалпы 2052 тонна бөлінген. Шілдеден бастап, өзімізге бекітілген көлем бар. Өзіміздің «ПетроҚазақстаннан» түнгі 12-ден бастап бөлініп, шығып жатыр, кесте бойынша.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде