{metadescription}
«Беларусь та кіреді». ШЫҰ құрамы 23 жылда төрт есеге кеңейген
«Беларусь та кіреді». ШЫҰ құрамы 23 жылда төрт есеге кеңейген

«Беларусь та кіреді». ШЫҰ құрамы 23 жылда төрт есеге кеңейген

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрамы 23 жылда төрт есеге кеңейген. Бастапқыда алты елдің басын қосқан Ұйымға бүгінде 9 ел мүше, 3 бақылаушы мен 14 диалог бойынша серіктес мемлекет бар. Астанадағы саммитте Беларусь ұйым сапына кіреді деп күтілуде.

Амангелді Тәженов, Сыртқы саяси зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары:

Қанша мемлекет елімізге келеді? Осында 16 мемлекет басшылары келеді. Бұрын ондай болмаған. Өткен жылы, мысалы, Индия төрағалық етті. Онлайн болды. Мемлекттің басшылары кездескен жоқ. Тағы бір маңыздылығын айтсақ, "Астана декларациясы" қабылданады. Қазір әлем өзгеріп жатыр. Әркім өзінің бағытын айқындайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы жылдар бойы экономикалық интеграция мен аймақ тұрақтылығын жоспарлы түрде ілгерілетіп келеді дейді саяси сарапшылар. Екі жыл бұрын Өзбекстан жетекшілік еткенде, ала шапанды ағайындар серіктес және бақылаушы елдермен миллиардтаған долларға келісімдер жасасыпты.

Астанадағы бас қосу да Қазақстан үшін атқарылатын ілкімді істердің бастамасы болмақ. Басты келіссөздерде қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жобаларға басымдық беріледі.

Бүгінде бас қаламыз мәртебелі меймандарды күтіп алуға тас-түйін дайын. Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Жасақ саны ұлғайтылып, қалаға кіреберіс жолдарда тексеріс күшейді. Ал электр самокаттардың жүруіне 5 шілдеге дейін тыйым салынды.

Жанар Төлендинова, Парламентаризм институтының атқарушы директоры:

Астанадағы бұл бас қосу ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Мемлекеттер өзара тиімді байланыс орнатуға ден қояды. Мәдени-гуманитарлық байланысқа да баса мән беріледі. Менің ойымша, Қазақстанның ұйымға төрағалығы табысты әрі жемісті болды. Ол ұйымның дамуына айрықша үлес қосты. Ұйымның құрамы кейінгі 23 жыл ішінде төрт есе кеңейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.