{metadescription}
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы жүз есеге өскен
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы жүз есеге өскен

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы жүз есеге өскен

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналым 100 есеге өскен. Мемлекет басшысы «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Қытаймен дипломатия орнағалы сауда-саттық, білім, ғылым, туризм салаларында даму қарқынды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің байланысына тоқталып, бастамаларды атап өтті. Шығыстағы көршіміз бүгінде Қазақстанның басты сауда серіктесі. Былтыр алыс-берісіміз 41 млрд долларды құраған. Елімізге ірі инвестиция құятын ірі төрттіктің қатарындағы Қытайдың ірілі-ұсақты 5 мыңға жуық кәсіпорны Қазақстанда жұмыс істеп жатыр.

2-4 шілдеде көршілес мемлекеттің басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен ат келеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады деп күтілуде. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біз алдымызға Қытаймен арадағы қарым-қатынасты әрі қарай тереңдету бағытында жоспар қойып отырмыз. Оған қажет алғышарттар мен жағдайдың бәрін жасап жатырмыз. Өзара ықпалдастықтың қазіргі жоғары қарқынын ескерсек, арадағы сауда айналымын 100 млрд долларға жеткізу толық қол жеткізуге болатын меже.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде