{metadescription}
Қарағанды облысы: Саран жұрты он күн бойы ауыз сусыз отыр
Қарағанды облысы: Саран жұрты он күн бойы ауыз сусыз отыр

Қарағанды облысы: Саран жұрты он күн бойы ауыз сусыз отыр

Қарағанды облысы Саран қаласындағы бүтін бір ауыл аптап ыстықта он күннен бері ауыз сусыз отыр. Халық кір-қоңын жуып, шомылу түгілі, шай қайнатым суға зар болған — құбырда қысым жоқ. Судан тарыққан тұрғындар 12 жылдан бері су жүйесін жаңартуды сұрап жүр.

Қаланы ауыз сумен қамтитын компания құбырлардың ескіргенін мойындайды. Оған биыл қомақты қаражат бөлініп, жөндеу басталған. Іргедегі ауылға да жақын арада жетеді деп сендірді. Сенуден басқа амалы қалмаған ұрғындармен КТК тілшісі кездесіп қайтты.

Саран іргесіндегі Дубовка ауылының тұрғындары «әбден қаталап кеттік» дейді. 40 градус ыстықта ылғалға зәру болғандардың қақпаған есігі, кірмеген кабинеті жоқ. Қала әкімінің әдеттегі сарыны  уәде беру. Ал тұрғындар түн ортасында тамшылаған суды таң атқанша жинап әлек.

Жазира Бекбердинова:

Әрі кетсе, бір бес-алты бөтелке жинаймыз , бес литрліктен, болды. Жиналса ғана. Бақша салмаймыз, мал ұстамаймыз, өйткені біз де су жоқ. Қазір дүкенде де су жоқ. Су таситын көлік аптасына бір-ақ рет келеді. Міне, сөйтіп күн көріп жатырмыз.

Бақыт Әдіқанов:

Бір аптада су бұзылып кетеді, ол далада тұр. Оны қайда кіргізем? Ыдысқа аласың, дала ғой, су бориды, қоқым түседі. Оны қалай ішеміз? Кішкентай балалар бар. Міне, 12 жыл болды, осы айқай. Депутатар да келеді. Мынау жиналыс па, не мынау? Осыған жауап беретін кім бар?!

Ыдыс-аяққа су жинауға дағдыланған Светлана Водолажская жақында бөшкелер сатып алыпты. Бұлар тұратын жерде ауыз су атымен жоқ. Су тиеген көлік көрсе, тұра жүгіреді. Жинап үлгергенді тамаққа пайдаланса, кішкентай екі баласын жаңбырдың суына шомылдырамын дейді.

Светлана Водолажская:

Шүберекпен жаңбырдың суын сүзгіден өткізіп аламын. Қыста қардың суын пешке қойып ерітемін. Ыдыс жууға және балаларды жуындыруға қолданамын, амалсыздан. Бір аптада келетін көліктен 200 литрлік бөшкелер мен 10 литрлік шелектерге жинап аламын. Ол көп жағдайда жетпей қалады.

Шенеуніктер ауылдағы ауыз су проблемасы аптақ ыстықтан дейді. Бірақ мына үйдің бақшасы 30 жыл бойы егілмеген. Ол түгілі, ішерге ауыз су жоқ Ал мына құдықтан су соңғы рет 20 жыл бұрын алынған. Қазір бұл үйден шығатын кәріз су жиналатын септикке айналған.

Саран мен оның айналасын сумен қамтамасыз ететін мекеме проблеманың бар екенін мойындайды. Бірақ оған күннің күрт ысуы негізгі себеп дейді.

Мадияр Сыздықов, «Саранкоммунсервис» МҚМ директорының орынбасары: 

Суды тым көп қолданып кетті. Бақша суарады. Есік алдына шашады. Мәселен, қыста ауыл 20 текше метр су қолданса, қазір оның көлемі 200 текше метрге көтерілді. Бәріне бірдей жетпейді. Төменде орналасқандар келіп тұрған суды көп пайдаланады да, жоғарыларына жетпей жатады.

Саран қаласы мен оған қарасты елдімекендердің су құбыры жүйесін жаңартуға 2 миллиард 600 миллион теңге бөлініпті. «Бір жарым миллиардқа жуығы биыл игеріледі» дейді шенеуніктер. Оның ішіне Дубовкідегі алты шақырым құбырды жаңарту да көзделген. Сонымен қатар су сақтайтын қосымша резервуар да саламыз деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде