{metadescription}
Астанада үлескерлерге өзге мердігердің пәтерлерін арзанға сатып жіберген
Астанада үлескерлерге өзге мердігердің пәтерлерін арзанға сатып жіберген

Астанада үлескерлерге өзге мердігердің пәтерлерін арзанға сатып жіберген

«Арзан пәтер аламыз» деп алданған. Астанада күмәнді компания өзге мердігердің пәтерлерін үлескерлерге нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен сомада сатып жіберген. Енді оның зардабын құрылыстың негізгі иелері тартып отыр. Яғни үлескерлерге келген шығынды сот негізгі иесінен өндіру туралы шешім шығарыпты.

Мұрат Тасов, құрылыс компаниясының директоры:

Менің қолымда 6 жер телімі, былайша айтқанда, мемлекет актісі, осыдан қазір заңсыз түрде айырылып отырмын. Рейдерлік жолмен. Прокурордың өзі бізді қазір «Ер-Тау» ЖШС «Нұрлы жолмен» қатысы бар деген талап-арызбен, біздің мүлкімізді алып беру туралы талап қойған. Сотта бірнеше рет осы құжаттарды көрсеттік, айтылды. Өкінішке орай, сот сол талап-арызды қанағаттандырды.

«Негізі біз де жәбірленушіміз» дейді компания өкілдері. Себебі, құрылысты жүргізеді деп жоспарланған мекемемен алдын ала келісімшарт қана жасалған. Соның негізінде пәтерлерді сатуға да, құрылыс жүргізуге де рұқсат жоқ. Алайда олар үлескерлерге құрылыстың шаршы метрін 130 мың теңгеден, яғни екі жарым есеге арзанға оңды-солды сатып келген. Осылайша жалпы саны 89 пәтер сатылып кетіпті. Халықтан жиналған қаржы 1 миллиард теңгеден асады.

Арам пиғылын жүзеге асырған компания өкілдері қазір қамауда отыр. Ал осы жағдайдың зардабы құрылыстың негізгі иелеріне тиіп отыр. Себебі «халықтан ақша алғандармен байланысы бар» деп, сот құрылыс аумағын тартып алу туралы шешім шығарған.

Прокуратура өкілдері істің жақын күндері Жоғарғы сотта қаралатынын мәлімдеді. Ал «біз де алдандық» деген құрылыс иелері нысанды «өзімізге қайтарсын» дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде