{metadescription}
«Көкейтесті». Kaspi.kz қолдауымен жаңа Салық кодексі талқыланды
«Көкейтесті». Kaspi.kz қолдауымен жаңа Салық кодексі талқыланды

«Көкейтесті». Kaspi.kz қолдауымен жаңа Салық кодексі талқыланды

Астанада Kaspi.kz қолдауымен ең ірі салық форумы өтті. Форумда кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен, сарапшылармен кездесіп, жаңа Салық кодексін талқылады. Бухгалтерлер, заңгерлер, консалтинг фирма басшылары ұсынысын айтып, көкейіндегі сұрақтарын қойып, оған кәсіби жауап алды.

Кең ауқымды конференцияларға арналған залдың өзіне жиынға қатысуға ниет білдіргендердің бәрі сыймады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен мың адам жиналып, тағы 2,5 мың адам онлайн қосылды. Танымал сарапшы Екатерина Ким салық форумын Kaspi.kz жетекші қазақстандық технологиялық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды. Ол бұған дейін Алматыда, Шымкентте, Алматы облысында және Жетісу облысында шағын және орта бизнеске арналған тренингтер өткізген. Жоспар – Қазақстанды толық қамту. Ондағы негізгі тақырып – Салық кодексі және жалпыға бірдей декларация.

Екатерина Ким, «Қазақстан салығы» қауымдастығының төрайымы:

Kaspi.kz қолдауымен өткізіп жатырмыз. Адамдар салыққа қатысты мәселелерді көбірек білсе дейміз. Біз мемлекетке жеткізу үшін бизнес-қоғамдастықтан, сарапшылардан барлық ұсыныстарын жинадық. Меморган өкілдері кейбір мәселені форумда түртіп алды, яғни аймақ мәселелері, шекті көтеру туралы және тағы басқасы бар. Бұл өте маңызды.

Жиында қаржы вице-министрі кәсіпкерлердің сұрақтарына белсенді жауап беріп, жаңа салық салу ерекшеліктерін түсіндірді. Ержан Біржановтың айтуынша, жалпы цифрландыру, жаңа өзгерістер бизнеске салық төлеуді жеңілдетеді.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

Жаңа режим енгізіп жатырмыз. Соның шеңберінде бұл чек 500 млн-ға дейін көтеріліп отыр. Оны жеті есе ұлғайтып отырмыз. Салық төлеушілер бұрынғыдай бөлініп, бір өзінің кәсібін бөліп-бөліп, жан-жаққа салмай, өз атынан жүргізіп, толыққанды салық төлеуге мүмкіндік береді. 

Форум нағыз қызу диалог алаңына айналды. Кәсіпкерлердің бүкіл сұрақтарына жауап алды.

Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығының басшысы:

Микробизнестің дамуына мүмкіндік беріп отырған мемлекеттік органдарға алғыс айтамыз. Екі пайыз салық мөлшері өте жақсы көрсеткіш. Жұмысқа алынатын қызметкерлер саны шектелмейтіні де жақсы жаңалық. Жұмысқа миллион адам алсақ та, өз еркіміз. Еңбекақы бойынша бірыңғай салықтың қалғаны да қуантады.

Жаңа салық кодексі әлі де талқыланады. Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын «Ашық НҚА» порталында енгізе алады. Қабылданған жағдайда, құжат келесі жылы күшіне енеді деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде