{metadescription}
«Мұрагер». КТК арнасы дәрігерлер жайлы сериал түсіре бастады
«Мұрагер». КТК арнасы дәрігерлер жайлы сериал түсіре бастады

«Мұрагер». КТК арнасы дәрігерлер жайлы сериал түсіре бастады

Алматыда «Мұрагер» телесериалының түсірілімі басталды. Еліміздегі дәрігерлер жайлы сериал КТК арнасының эфирінен көрерменге жол тартпақ. Авторлардың айтуынша, сериалда бірнеше кейіпкердің тағдыры жинақталған. Киногерлер түсірілімді, әдеттегідей, дәстүрге айналған табақ сындыру рәсімінен бастады.

Телесериалдың басты кейіпкерлерін танымал Әлия Жанатқызы мен Ринат Досшыбеков сомдайды. Қарапайым оқиғадан бастау алатын кинокартинада жас Әлия мен ересек Назымның тағдыры ойламаған жерден қиылысады. Екі келіншектің достығы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа төтеп бере ала ма?

Жәрдем Дауылбаев, қоюшы-режиссер:

Сериал медицина қызметкерлері, дәрігер еңбегін дәріптейді. Арнайы сценарий жаздық. Арасына барынша өткір тақырыптар мен детектив бар. Маскүнемдік, нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділік сияқты мәселелерді де қозғадық. Жоба сәтті аяқталады деген ойдамын.

Жобаға 40-тан астам адам жұмылдырылған. Оқиға желісі негізінен емдеу мекемесінің ішінде өрбиді. Жас режиссердің айтуынша, сценарий жазуға көп уақыт кетпеген. Дайындық кезінде актерлердің бірі сырт келбетін өзгертсе, енді бірі бірнеше күннің ішінде образына бейімделген.

Ринат Досшыбеков, актер:

Менің образым қазіргі заманға сай. Қазір ондай жағдай көп болып кетті ғой. Бизнесмен. «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген. Қарап тұрсаңыз, жағдайы жақсы, Бірақ соңында ақшаға бола жолдан тайып кетеді. Не жетпеді сонда?

Азамат Есқұлов, актер:

Образды ашу үшін шашымды бұйраладым. Өзім де ауруханаға түскен кезім бар. Сол кезде бір хирургтің шашы бұйралау болды. Сол кісіні сомдауға, сол кісінің образын алуға тырыстым. Содан кейін екі-үш келідей салмақ тастадым.

Сериал сценаристерінің сөзінше, телетуындының көрерменге берері мол. Фильмде дәрігер өмірінің қызығы мен шыжығынан бөлек, жастарға үлгі берер сюжеті де мол.

КТК арнасынан қалың көрерменге жол тартатын телехикая 12 сериядан тұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде