{metadescription}
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық бұрын-соңды болмаған межеге жеткен
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық бұрын-соңды болмаған межеге жеткен

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық бұрын-соңды болмаған межеге жеткен

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық, алыс-беріс былтырдың өзінде 30 пайызға өсіп, бұрын-соңды болмаған межеге жеткен. Отандық сарапшылар өзара сауда іс-қимыл салалары бұдан да беки түсіп, алдағы уақытта көрсеткіш еселене түсетініне бек сенімді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары екі ел арасындағы экономикалық байланыс, әсіресе соңғы жылдары нығая түскенін айтады. Мәселен, 2023 жылы тауар айналым рекорд көрсеткішке, яғни 41 млрд доллардан асқан. Тараптар бұл межені 100 млрд долларға көтеруді жоспарлап отыр.

Бес жыл ішінде еліміздің экспорт әлеуеті де едәуір өскен. Мысалы 2019 жылы Қытайға құны 8 млрд доллар қазақстандық тауар экспортталса, бүгінде көрсеткіш 15 млрд-қа жуықтады.

Қазір Қытай тарапынан шикізаттық емес тауарлардан бөлек, ауыл шаруашылығы, азық-түлік пен металлургия өнімдеріне сұраныс артқан.

Сарапшылар өткен жылдармен салыстырғанда елдегі қытайлық импорт тауар көлемі де бірнеше есе өскенін атап өтті.

Анна Альшанская, ҚСЗИ экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы:

Қазақстан қытайлық көліктерден бөлек, техника мен киім-кешекті көптеп сатып алып жатыр. Ол елге шикізат пен шикізат емес тауарларды экспорттауды жалғастыруда. Жалпы екі ел арасындағы сауда қарқынды дамуда әрі бұл бағытта көрсеткіш еселенеді деген ойдамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.