{metadescription}
Президентке қазақстандықтардың қанша пайызы сенеді? Сауалнама қорытындысы
Президентке қазақстандықтардың қанша пайызы сенеді? Сауалнама қорытындысы

Президентке қазақстандықтардың қанша пайызы сенеді? Сауалнама қорытындысы

Президентке қазақстандықтардың қанша пайызы сенеді? Осындай сауалнаманы жуырда стратегиялық зерттеулер институты жүргізді. Оның қорытындысына сәйкес, халықтың 77 пайыздан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артқан.

Әсіресе жастар мемлекет басшысына көбірек сенеді. Яғни сауалнамаға қатысқан жастардың 82 пайызға жуығы Президенттің саясатын қолдайтынын айтқан.

Респонденттердің білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, Тоқаевқа деген сенімі де соғұрлым артатыны анықталды.

Ауыл тұрғындарының 80 пайызға жуығы, қала тұрғындарының 75,4 пайызы Президентке сенеді.

Ерлер мен әйелдердің сенім деңгейінің көрсеткіші де осындай. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім, өнеркәсіп, көлік, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласындағылар көбірек үміт артып отыр.

Айта кетейік, сауалнамаға еліміздің түкпір-түкпірінен 8 мыңнан аса адам қатысқан.

Айгүл Забирова, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

Әлеуметтанушы ретінде Президентке деген мұндай жоғары сенім деңгейін еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының баяу болса да, бірте-бірте жақсарып келе жатқанымен түсіндірер едім. Несие беру шарттары өзгергенін көріп отырмыз. Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өсті. Шәкіртақы көтерілді. Сондай-ақ азаматтар Парламенттің көппартиялы болып келе жатқанын да көріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде