{metadescription}
Анталия әуежайындағы наразылық шарасынан рейстер кешігіп жатыр
Анталия әуежайындағы наразылық шарасынан рейстер кешігіп жатыр

Анталия әуежайындағы наразылық шарасынан рейстер кешігіп жатыр

Түркияның Анталия қаласынан рейстер кешігіп жатыр. Өйткені туристік шаһардағы әуежайдың жүздеген қызметкерлері наразылық шарасын тоқтататын емес. Олар бірнеше күннен бері жалақы көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. Сондықтан жолаушыларды тіркеу баяу жүріп жатыр.

Сол себепті халықаралық және ішкі рейстер кестеден қалып жатыр. Арасында қазақстандық тасымалдаушылар да бар. Бірнеше күн қатарынан жалғасып келе жатқан шерудің кесірінен ұшу кестесі өзгеріп, кей рейстер уақытынан кешіктірілген. Әуежай қызметкерлерінің ауқымды шеруі осымен екінші рет қайталанып отыр

Air Astana Анталия әуежайында рейстерді қабылдауда шектеулерге тап болғанын растап, отандық туристерді сабыр сақтауға шақырды. Қазір әуе компаниясы жағдайды бақылап, кесте өзгерген жағдайда, оны жолаушыларға алдын ала хабарлауда.

Ал, FlyArystan мен Scat Airlines ұшып-қону кестесі бүгін реттеле бастағынын айтты. Биыл Анталия әуежайы рекорд жаңартқан. Туристік маусымның қызған шағында әуежай күніне кемінде 200 мың жолаушы қабылдап, 1100-ге жуық рейске қызмет көрсеткен. Осындай ауыр жұмыс атқарып жатқандар лайықты жалақы төлеу мәселесін көтерді.

Инна Рей, «Туристік қамқор» корпоратив қорының төрайымы:

Түрлі кедергілерге тап болған жағдайда сақтандыруы бар азаматтарға өтемақы қарастырылған. Тур-коды барлардың қонақ үйдегі ақысын «Қамқор» төлейді. Егер екіі сағаттан астам уақыт кешіксе, сусын ұсынылуы тиіс. Ал төрт сағаттан соң әуе компаниясы тамақтандыруы керек. Сегіз сағаттан астам кешіксе, туристерге қонақ үй ұсынылады. Алайда қазір көптеген әуе компаниялары алдын ала ескертіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.