{metadescription}
Бұл жолғы ШЫҰ саммитінен сарапшылар көп нәтиже күтіп отыр
Бұл жолғы ШЫҰ саммитінен сарапшылар көп нәтиже күтіп отыр

Бұл жолғы ШЫҰ саммитінен сарапшылар көп нәтиже күтіп отыр

Күллі әлемнің назары — Астанада. Ертең елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталады. Ал бүгін Ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің басшылары елордамызға жиналып жатыр. Мұнда 16 елдің президенті мен премьер-министрлерінен бөлек, БҰҰ Бас хатшысы да келген. Үлкен саммит алдында мемлекет басшылары жеке кездесіп, талай мәселені пысықтауда.

Астана әуежайында үлкен қарбалас. Таңнан кешке дейін жоғары мұнда мәртебелі қонақтар келіп жатыр. Таңмен таласа бірінші болып мұнда Ресей президенті Владимир Путин жетті. Оны премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды. Содан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатын өзге елдердің басшыларының ұшақтары бірінен соң бірі қонып жатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға алғашқылардың бірі болып келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының президенті:

Екі елдің сауда-экономикалық, мәдени гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамып келе жатыр. Сізбен өзара қарым-қатынасымыздың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылауға дайынмын.

Кездесулер мұнымен бітпесі анық. Кешке қарай Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесті. Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мен Бакуге және Шушаға жасаған сапарымды үнемі еске аламын. Бұл, шын мәнінде, бетбұрысты, маңызды, тарихи мәні бар сапар болды десек, артық айтқандық емес. Келіссөздер барысында біз бірқатар стратегиялық сала бойынша өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға тың серпін бердік.

Саммит алдында Ресей мен Түркия президенттері де келіссөз жүргізіп үлгерген. Үлкен жиынға дейін пысықтап алатын тақырып көп.

БҰҰ Бас хатшысы да қазақ жерінде. Антониу Гутерриш алдымен Алматыға тоқтап, кейін саммитке қатысу үшін бас қалаға жеткен. Маңызды саяси жиын Тәуелсіздік сарайында өтеді. Қазір нысандағы қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Сарапшылар бұл жолғы саммиттен көп нәтиже күтіп отыр.

Әмина Қосбаева, Евразиялық интеграция институтының сарапшысы:

Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайды және Еуразиялық одақ елдерінде орын алып жатқан жаһандық сенім дағдарысын ескере отырып, бізге өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жаңа формаларын іздеу керек. Сондықтан бұл жолғы саммиттен ұйымның жұмысын жаңарту бойынша көптеген бастама күтеміз. Себебі ұйым 30 жылдай жұмыс істеп келе жатыр. 

Қазір Шанхай ынтымақтастық ұйымына ресми түрде 9 ел мүше. Бұл жолы қатарға Беларусь қосылмақ. Ертеңгі жиында 20-дан аса құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.