{metadescription}
Тасқын: Петропавлда әр өңірден келген жұмысшылар 500 үйді жөндеп жатыр
Тасқын: Петропавлда әр өңірден келген жұмысшылар 500 үйді жөндеп жатыр

Тасқын: Петропавлда әр өңірден келген жұмысшылар 500 үйді жөндеп жатыр

Петропавлда тасқыннан зардап шеккен үйлер қайта жөнделіп жатыр. Ағын су бір айға жуық уақыт тұрған аумақтарда көптеген нысан жарамсыз күйде. Оларды қалпына келтіруді әр өңірден келген құрылысшылар қолға алған. Олар жұмыстың қиындығына қарамастан, біртіндеп шаруасын аяқтап та жатыр.

Жөндеу жоспары мен құрылыстың стилін тұрғындардың өзі таңдаған. Ал қалпына келтіруге мүлде келмейтін үйлерді қайта тұрғызуға механикалық бригадалар тартылыпты.

Аймақта су тасқынынан 2156 үйге зақым келген. Сарапшылар бұл үйлердің тек бес жүзге жуығын ғана қайта жөндеуге болады деген шешім шағырды. Жөндеу үшін бір үйге 6-7 млн теңге шамасында жұмсалады. Ал жаңа үй тұрғызуға 22 млн 700 мың теңге бөлінген. Әкімдік күзге дейін тасқыннан бүлінген үйлер түгел қалпына келтіріледі дейді.

Әсем Айтулова, Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы:

Бүгінде қалада 500 үй жөнделіп жатыр. Жөндеуді әр ауданнан келген атқарып жатыр. Құрамында құрылыс мамандары да бар. Егер тұрғындар өз еркімен құрылысқа кіріссе, оларға сметада сома төленетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.